Меню
ARTISTRY INTENSIVE SKINCARE™ Бетке арналған сарысуды байытатын коллагені бар капсуладағы концентрат
Құрамында коллагені бар косметиканы қолданумен терінің серпімділігі мен созылғыштық қасиетін қалпына келтіруге және оның сыртқы күйін анағұрлым жас етуге көмектесуге болады.
КОЛЛАГЕН — ТЕРІНІҢ ЖАСТЫҒЫ МЕН СҰЛУЛЫҒЫНЫҢ КӨЗІ
✓ Терінің қаңқасын иілгіш етеді, оның салбырауына жол бермейді
✓ Беттің айқын пішінін сақтауға көмектеседі
✓ Теріні тегіс әрі созылғыш етеді
✓ Терінің қорғағыш ылғал ұстағыш қабатын түзеді
✓ Терінің қалпына келу қабілетін сақтауға көмектеседі
Кімге арналған:
кез келген типтегі тері
Жасы:
30+
Негізгі қасиеттері:
  • терінің жоғарғы қабаттарындағы коллагеннің тапшылығын толтырумен, оны анағұрлым серпінді етуге көмектеседі;
  • терінің көзге байқалатын қартаю белгілерін азайтады;
  • терідегі ылғалды сақтайды;
  • қоршаған орта факторларының жағымсыз әсерінің нәтижесінде туындап отыратын тітіркенуді басуға көмектеседі.
Қартаю процестерін баяулататын инновациялық шешім
Бетке арналған сарысуды байытатын коллагені бар капсуладағы концентрат табиғи құрамдас заттардың күшін, ілгері ғылыми әзірлемелер мен ARTISTRY™ көп жылғы ғылыми тәжірибесін біріктірген.
Әр капсулада 70,6% табиғи гидролизделген коллаген бар, ол теріге жеңіл сіңеді және теріге енумен оның серпімділік, созылғыш қасиетін сақтап және жасарған қалпын қамтамасыз етеді.
Формула күшті құрамдас затпен — ферменттелген азиялық центелламен күшейтілген, ол теріні тыныштандырып, қалпына келтіріп және жасартады.
Табиғи құрамдас заттар: акебияның сығындысы, кәдімгі топырақбас сығындысы, уншиу мандарин қабығы үгіндісінің сығындысы — терінің уақытынан бұрын қартаю процестеріне төтеп беруге көмектеседі.
6 дәруменнен тұратын кешен ARTISTRY™ кез келген сығындысының формуласын байытумен, теріге қосымша күтім жасауға және тері күтімі бойынша бірден бірнеше міндетті шешуге көмектеседі *.
Табиғи майлар теріні қоректендіріп және қорғалуын қамтамасыз етеді.
Шығарылған елі: Корея
* Құрал ARTISTRY™ топтамасындағы барлық сарысуларымен (ARTISTRY INTENSIVE SKINCARE™ С дәрумені мен гиалурон қышқылы бар құрал, Artistry Signature Select дербес сарысуы, ARTISTRY INTENSIVE SKINCARE™ «14 түн» қалпына келу бағдарламасы) бірге қолдануға келеді.