Меню
NUTRILITE™ BALANCE WITHIN™ Пробиотик
ҚОЛДАНУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР
Ересектер күніне бір сашеден тамақпен бірге қабылдайды. Қалташаның ішіндегісін бір стакан суға (шырын, сүт, йогурт) езіп немесе ыстық емес тамаққа қосыңыз. ББҚ-ны сондай-ақ араластырмай тұтынуға болады: қалташаның ішіндегісін тіліңіздің үстіне сеуіп, жұтыңыз. Қабылдау ұзақтығы - 1 ай. Қажетіне қарай қайта қабылдауға болады.
ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
Тағамға биологиялық белсенді қоспа - пробиотикалық микроорганизмдердің (бифидобактериялар мен лактобактериялардың), сондай-ақ В6 дәрумені мен фолий қышқылының көзі ретінде. Дәрілік зат болып табылмайды.
ҚАБЫЛДАУҒА БОЛМАЙТЫН ЖАҒДАЙЛАР
Өнімнің компоненттеріне жеке түрде төзе алмау. Қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз. Жүкті және бала емізетін әйелдер дәрігердің бақылауымен қабылдауы керек.
САҚТАУ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Аузы мықтап жабылған ыдыста, құрғақ, балалардың қолы жетпейтін жерде, 25˚C-тан жоғары болмайтын ауа температурасы жағдайында сақтау керек.
Тоңазытқышта сақтаудың қажеті жоқ. Қаптамасы өнімді қолданудың қауіпсіздігіне және барлық қасиеттерінің сақталуына кепілдік береді.
АҚШ-та GMP стандарттарына сәйкес шығарылған.
ЖАРАМДЫЛЫҚ МЕРЗІМІ: ШЫҒАРЫЛҒАН КҮННЕН БАСТАП 18 АЙ
NUTRILITE™ Омега-3 Кешені
ҚОЛДАНУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР
Ересектер мен 14 жастан асқан балалар күніне тамақпен бірге 1 капсуладан 2 рет қабылдайды.
Қабылдау ұзақтығы — 3 ай.
Қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.
NUTRILITE™ Инулинмен тағамдық талшықтардың қоспасы
ҚОЛДАНУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР
1 қапшықтың ішіндегісін (6 г) 250–350 мл суға немесе шырынға салып араластырыңыз немесе 1 қапшықтың ішіндегісін (6 г) әртүрлі дайын тағамдарға қосыңыз. Ұнтақты дайын тағамдарға салған жағдайда кез келген сұйықтың 1 стақанын (250 мл) ішу қажет.
Ересектер күніне тамақпен бірге 1 қапшықтан қабылдайды. Қабылдау ұзақтығы — 1 ай. Қажетіне қарай қайта қабылдауға болады.
ҚАБЫЛДАУҒА БОЛМАЙТЫН ЖАҒДАЙЛАР
Өнімнің компоненттеріне жеке түрдегі төзе алмаушылық, жүктілік, емшекпен бала емізу.

NUTRILITE™ сауда белгісінің өнімі тағамдық биологиялық белсенді үстеме (ББҮ) болып табылады және ол дәрілік зат емес. NUTRILITE™ тағамдық биологиялық белсенді үстемесін тұтыну алдында дәрігерден кеңес алуды ұсынамыз. Қарсы көрсетімдері бар. NUTRILITE™ ББҮ тек жеке адамдардың пайдалануына арналған. ББҮ пайдаланудың және сатуға өткізудің кез келген басқа тәсілдеріне тек қолданыстағы РФ заңнамасында көзделген талаптар орындалған жағдайларда ғана рұқсат етіледі. NUTRILITE™ ББ үстемелерін «Амвэй» ЖШҚ компаниясының сауда орталықтарынан сатып алуға болады. Сауда орталықтарының мекенжайларын, сондай-ақ өнімнің бар-жоғын www.kz.amway.comсайтынан немесе 8-800-080-55-08 нөміріне қоңырау шалу арқылы нақтылауға болады. Өнім кеден одағының шеңберінде Ресей тұтынушылық бақылау комитетінде тіркеуден өткен. Өнім «Азық-түлiк өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы» № 021/2011 КО ТР; «Тағамдық өнімдердің таңбаламасы» № 022/2011 КО ТР талаптарына сәйкес келеді.

*Қолдану алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады