Меню
NUTRILITE™ BALANCE WITHIN™ ПРОБИОТИГІ
Өнім құрамындағы бифидо-және лактобактериялар ішек микрофлорасының теңгерімін қалыпқа келтіруге ықпал етеді және В6 дәрумені және фолий қышқылымен бірге иммундық жүйенің қалыпты жұмыс істеуін қолдайды.
Өнімнің негізгі артықшылықтары
Пайдалы микроорганизмдердің жоғары мөлшері — 6 х 109 КҚБ
Зерттелген, қауіпсіз және тиімділігі жоғары бактериялар
Ішектің қажетті бөлімдеріне жеткізу үшін штаммдардың жоғары өміршеңдік
Құрамында жасанды бояғыштар және ГМО жоқ
Қаптамасы қолдану қауіпсіздігіне және барлық қасиеттердің сақталуына кепілдік береді
Тәулігіне 1 рет қана қолдану

Ішек микрофлорасы — бұл адамдармен бірлесе отырып, көптеген маңызды функцияларды орындайтын миллиардтаған микроорганизмдер.

Олар ағзаға тағамды ыдыратуға және қорытуға көмектеседі, дәрумендердің сіңуіне ықпал етеді, ішекте қорғаныс қабатын қалыптастырады, токсиндер мен микробтардың енуіне жол бермейді, пайдалы дәрумендер мен ағзаға қажетті қышқылдар шығарады.

Микрофлораның маңызды қызметі — иммуномодуляциялау: ішек — бұл иммундық жүйенің бөгде микроорганизмдермен байланыс арқылы тұрақты «жаттығуы» болып жататын орын.

САЛАУАТТЫ МИКРОФЛОРА —
БҰЛ САУ ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ, СҰЛУЛЫҚТЫҢ, ЖОҒАРЫ ЭНЕРГИЯНЫҢ, ЖАҚСЫ СЕЗІНУДІҢ ЖӘНЕ КӨТЕРІҢКІ КӨҢІЛ-КҮЙДІҢ КЕПІЛІ.
Микрофлораның көп бөлігі пайдалы бактериялардан тұрады. Дұрыс ас қорытуды қолдайтын және ағзаның дұрыс жұмыс істеуіне көмектесетін негізгі бактериялар — бифидобактериялар мен лактобактериялар. Бифидо - және лактобактериялар бір-бірінің әсерін күшейтеді. Бактериялардың саны КҚБ бірліктерімен өлшенеді: ағзада неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы болады.
БИФИДОБАКТЕРИЯЛАР

ішекте табиғи тосқауыл жасайды және патогендер мен токсиндердің енуіне жол бермейді.

сау асқорытуды қолдайды;
иммунитетті нығайтады;
иммундық функцияны оңтайландыруға ықпал етеді.

ЛАКТОБАКТЕРИЯЛАР

шірік және оппортунистік микроорганизмдердің өсуін тежейді.

ішектегі рН деңгейін қолдайды;
патогендік микроорганизмдерден қорғау үшін қолданылатын ингибиторлар шығарылады.

МИКРОФЛОРАНЫҢ БАЛАНСЫ

Пайдалы және зиянды бактериялардың балансы қалыпты, сау микрофлораны құрады.
Егер зиянды және пайдалы бифидо- және лактобактериялар басым болса, бұл жағдай микрофлораның теңгерімсіздігі деп аталады және түзетуді қажет етеді.

Теңгерімсіздіктің белгілері:
АІЖ түрлі бұзылулары;
шаштың, терінің және тырнақтың нашарлауы, беттің түсінің дұрыс болмауы, салмақтың бақылаусыз артуы;
ағзаның аллергендерге жоғары сезімталдығы;
көңіл-күйдің нашарлауы.

* Nutrilite™ басқа өнімдермен салыстырғанда
** Кеден одағының ""Таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімі"" техникалық регламентінің 2-қосымшасына сәйкес [КО ТР 022/2011]

NUTRILITE™ сауда белгісінің өнімі тағамдық биологиялық белсенді үстеме (ББҮ) болып табылады және ол дәрілік зат емес. NUTRILITE™ тағамдық биологиялық белсенді үстемесін тұтыну алдында дәрігерден кеңес алуды ұсынамыз. Қарсы көрсетімдері бар. NUTRILITE™ ББҮ тек жеке адамдардың пайдалануына арналған. ББҮ пайдаланудың және сатуға өткізудің кез келген басқа тәсілдеріне тек қолданыстағы РФ заңнамасында көзделген талаптар орындалған жағдайларда ғана рұқсат етіледі. NUTRILITE™ ББ үстемелерін «Амвэй» ЖШҚ компаниясының сауда орталықтарынан сатып алуға болады. Сауда орталықтарының мекенжайларын, сондай-ақ өнімнің бар-жоғын www.kz.amway.com сайтынан немесе 8-800-080-55-08 нөміріне қоңырау шалу арқылы нақтылауға болады. Өнім кеден одағының шеңберінде Ресей тұтынушылық бақылау комитетінде тіркеуден өткен. Өнім «Азық-түлiк өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы» № 021/2011 КО ТР; «Тағамдық өнімдердің таңбаламасы» № 022/2011 КО ТР талаптарына сәйкес келеді.