Меню
КҮНІНЕ 1 ҚАЛТАША
ҚОЛДАНҒАН ЖЕҢІЛ
БІРГЕ АЛЫП ЖҮРГЕН ЫҢҒАЙЛЫ
цитрустық дәмі бар түйіршіктер

Мырыш иммундық жүйенің негізгі процестеріне қатысады. Ол қандағы бактерияларды басып алып жоя алатын жасушалардың мөлшері жеткілікті болып отыру үшін қажет.

Мырыш иммундық жүйе жасушаларының жетілуіне жауапты тимулинді – айыр безінің гормонын (тимусты) іске қосады.

Мырыштың бұл қасиетінің маңызы адамның жасы ұлғайған сайын арта береді. Себебі жас ұлғайған сайын тимустың қызметі табиғи түрде бәсеңдей береді

Иммунитеттің жасушалары инфекциямен күресуге кіріспес бұрын алдымен тимуста қатаң түрде іріктелумен, «ақылды» иммундық жасушаларға арналған «академияда» тұтастай «курстан» өтеді1,2.

1. Алдымен иммундық жасушалар «бөтендерді» танып ажырату үшін рецепторлармен «қаруланады». Даярланған жасушалардың арасынан «өзімдікі-бөтен» жүйесі бойынша анық түрде жұмыс істейтіндері ғана таңдалады. Бұл келешекте оларға ағзадағы кез келген жасушаны «тексеріп» отыру құқығын береді.

2. Келесі «жетілдіру» сатысына бірінші кезеңнен сүрінбей өткен жасушалар ғана өткізіледі. Олар тимус арқылы қозғала отырып, біздің ағзамыздағы орасан зор сан-алуан түрлі ақуыздық құрамымен танысады. Табысқа жеткен «кандидаттың» бірде бір адам ақуызына реакциясы болмауы тиіс.

Сабақтардың барлығын игергендері ғана өтеді!
Бұл ~ 2%-ы, қалғандары жойылады.

Осылайша иммунитет жасушалары ағзаның өз жасушаларымен «соғыспайды» деген кепілдікке қол жеткізіледі.
Мырыштың көмегімен «иммунитеттің ақылды жасушалары» белсенді қалпына келеді1.
1 Turing A. The chemical basis of morpho-genesis // Trans. Roy. Soc. 1952. V. 237. P. 32
2 Донцов В.И. Гиперцикл теориясын ұлпалар полиферациясының жасушааралық реттеу процестерін талдау үшін қолдану: ұлпалар полиферациясын реттеудің мамандандырылған жасушалық жүйесінің орын алуының дәлелдемелері // Заманауи биологиядағы жетістіктер. 1986. 101-т., 1-шығ., 18-бет.

NUTRILITE™ сауда белгісінің өнімі тағамдық биологиялық белсенді үстеме (ББҮ) болып табылады және ол дәрілік зат емес. NUTRILITE™ тағамдық биологиялық белсенді үстемесін тұтыну алдында дәрігерден кеңес алуды ұсынамыз. Қарсы көрсетімдері бар. NUTRILITE™ ББҮ тек жеке адамдардың пайдалануына арналған. ББҮ пайдаланудың және сатуға өткізудің кез келген басқа тәсілдеріне тек қолданыстағы РФ заңнамасында көзделген талаптар орындалған жағдайларда ғана рұқсат етіледі. NUTRILITE™ ББ үстемелерін «Амвэй» ЖШҚ компаниясының сауда орталықтарынан сатып алуға болады. Сауда орталықтарының мекенжайларын, сондай-ақ өнімнің бар-жоғын www.kz.amway.com сайтынан немесе 8-800-080-55-08 нөміріне қоңырау шалу арқылы нақтылауға болады. Өнім кеден одағының шеңберінде Ресей тұтынушылық бақылау комитетінде тіркеуден өткен. Өнім «Азық-түлiк өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы» № 021/2011 КО ТР; «Тағамдық өнімдердің таңбаламасы» № 022/2011 КО ТР талаптарына сәйкес келеді.